Атырауда жасөспірімдерді көлік қағып құлатты (+ВИДЕО)

Бұл туралы Атырау қалалық полиция басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

5 маусым күні сағат 18:00 шамасында Атырау қаласы Афанасьева-Байтұрсынов көше қиылысында Тoyota Verso көлігі екі жасөспірімдерді қағып құлатты. Салдарынан жасөспірімдер облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Қазір аталған факті бойынша тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

"Жазғы демалыстың басталуына байланысты көшелерде самокат және велосипед тізгіндеген жасөспірімдердің көбеюіне байланысты жүргізушілерден жолда абай болуларыңызды сұраймыз" дейді депаратмент мамандары.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: иллюстратив