Атырауда заңды пысқырмаған өзбекстандық ұсталды (+ВИДЕО)

Атырауда шекараны заңсыз кесіп өткен Өзбекстан Республикасының азаматы жауапқа тартылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

18 мамыр күні «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 7-бөлігі «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша кінәлі деп танылып, ҚР аумағынан 5 жылға тысқары шығарылған 1979 ж.т. Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады.

Тексеру барысында 44 жастағы шетел азаматының жеке басын анықтайтын құжаттарсыз осы жылдың 21 сәуір күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан заңсыз қасақана өтіп, Атырау облысы Құрманғазы ауданына келгені белгілі болды.

Қазіргі уақытта аталған шетел азаматына қатысты ҚР ҚК-нің 392-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, Құрманғазы аудандық сотының үкімімен Қазақстан шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жібере отырып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ