Атырауда ойыншық көліктер жол ережесін бұзды (+ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде ойыншық арбалардың көлік жолында жүрген бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау қалалық полиция басқармасынан білгеніміздей, құқықбұзушылыққа жол берген тұлға жауапқа тартылған.

"5 сәуір күні Тайманов-Құлманов көше қиылысы тұсында ойыншық арбалар көлік құралдарына кедергі жасап, жол ережесін бұзғаны анықталды. Ол бойынша 2001 жылы туған азамат анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 1-бөліміне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып жауапкершілікке тартылды. Қала тұрғындарынан жол ережесін қатаң сақтауын сұраймыз!" дейді облыстық ПД баспасөз өкілі М.Ердәулет.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ