Атырауда мас жүргізуші жолдың шырқын бұзды (+ВИДЕО)

Атырауда көлік құралын басқару құқығынан айырылған күйде басқарған тұлға жауапқа тартылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

2 маусым күні сағат 11:31 шамасында Жедел басқару орталығының қызметкерлері Азаттық-Шалқыма көшесі бойынан «Interceptor» іздеу базасы арқылы төленбеген 4 айыппұлы бар маркасы Nexia аатокөлігін байқап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.

Аталған автокөлік тоқтатылып, тексеру барысында 1981 ж.т. жүргізушісінің көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

41 жастағы көлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК 612-бабы 3-бөлігі «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлік айып тұрағына қойылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ