Атырауда бірнеше көлік бір-біріне соқтығысты (+ВИДЕО)
Атырауда үш автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
29 маусым күні сағат 17:40 шамасында Махамбет көшесі тұсында ВАЗ-2115 автокөлігі тиісті арақашықтықты сақтамай, Hyundai және Geely көліктеріне соқтығысқан. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті. Тексеру барысында жүргізушінің орта дәрежелі мас күйде екені анықталды.
Аталған факті негізінде, ҚР ӘҚБтК-ның 608-бабы 3-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен жүргізуші 7 жылға жүргізу құқығынан айырылып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ