Қазақстандық теннисшілер Денис Евсеев пен Бейбіт Жукаев жұптық сында Канзас штаты Уичито қаласында (АҚШ) өтіп жатқан ITF турнирінің жартылай финалына шықты.
Жарыстың үшінші ракеткалары болып тіркелген қазақстандық жұп ширек финалда ұлыбританиялық Дэвид Фокс – жапониялық Сюити Секигутимен шеберлік байқасты. Бірінші партияда Д.Евсеев пен Б.Жукаев 6:3 есебімен басым түсті.
Екіншісінде де сол қарқындарынан жаңылған жоқ – 6:2. Матч бір сағатқа жуық уақытқа созылды. Қазақстандық жұп финалға шығу үшін доданың екінші ракеткалары, тайбэйлік Сюй Юй Юй – жапониялық Юта Шимизумен таласады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің АҚШ-тағы турнирді жеңіспен бастағанын, Анна Данилинаның Еуропадағы жарыстың финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ АҚШ-тағы турнирдің ширек финалында қазақстандық теннисшілер өзара кездеседі.