Бокстан әйелдер құрамасы Польшадан өткен халықаралық турнирде 11 медаль алды.
Халықаралық турнирде Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай мен Карина Ибрагимова жеңіс тұғырына көтерілді. Ал Валентина Хальзова күміс жүлдегер атанды. Үздік үштікке Балауса Муздиман, Жайна Шекербекова, Жазира Орақбаева, Дариға Шәкімова, Сания Сұлтанқызы, Гүлсая Ержан, Мәдина Нұрашева ілікті.
Еске салсақ, кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды . Тағы бір айта кетер жайт, бокс 2028 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарынан алынып тасталуы мүмкін.