Жетісу облысында өтіп жатырған ауыл жасөспірімдер ойындары аясында үстел теннисі бәсекелері мәресіне жетті.
Атырау облысының қыздар құрамасы командалық сайыста күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ATPress.kz облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Облыс құрамасында Бисен Мелисса, Булатбекова Аружан, Амандыққызы Айнара ойнады. Айта кету керек, қыздар құрамасы Құрманғазы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері болып табылады. Жаттықтырушысы Джаханов Марат. Ойындар қорытындысында теннисшілер жалпы командалық есепте алтыншы орынға ие болды" делінген хабарламада.