Атырау жасөспірімдер футбол командасы финалға шықты

Жетісу облысында жасөспірімдердің ауыл спорттық ойындары аясында футбол бәсекелерінің жартылай финалдық кезеңі өтті, деп хабарлайды ATPress.kz. Бұл туралы облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды. Атырау құрамасы алаң иелері Жетісу облысының командасымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Қақпашы берген допты сәтті пайдаланған Айтжанов Данаттың баспен бағыттаған добы ойынның нүктесін қойды. Финалдық бәсекелер ертең Алматы облысына қарсы өтеді. Айта кету керек, Атырау футбол командасы Мақат пен Құрманғазы ауданының жастарынан құралған.