ATPress.kz. 22 маусым. «Атырау облыстық мәслиxаты құрамы жаңа депутатпен толықты. Ол - «Атырау» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Марат Түсіпқалиев болды», - деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облыстық мәслихатының бюджет, қаржы экономика және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Түсіпқалиев Марат Бақтығалиұлы 1975 жылы 12 сәуірде Атырау қаласында дүниеге келген. 1992-1997 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару академиясында «Экономист» мамандығы бойынша оқыған. Сондай-ақ, 2007 жылы Атырау мұнай және газ институтын «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша бітіріп, 2016 жылы «ҚАЗМҚУ» АҚ Университетін тәмәмдап, Іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын 1998 жылы «Қазақойл» ҰМК Жобаларды басқару департаментінің сарапшысы болып бастаған. Әр жылдары «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясында, «Қазақтүрікмұнай» компаниясында жауапты қызметтерді атқарған.
2008-2012 жылдары Орал қаласы әкімінің орынбасары, 2012-2016 жылдар аралығында Бөрлі ауданының әкімі лауазымында болды. 2017 жылдың 11 қыркүйегінен күні бүгінге дейін «Атырау» ӘКК»ҰК» АҚ басқарма төрағасы лауазымында.