Аудан әкімі Қанат Әзмұхановтың №315-ші өкіміне сәйкес, Қызылқоға ауданы әкімінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары болып Изимова Гүлшара Нәдірқызы тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Гүлшара Нәдірқызы Атырау университетітінің «Бастауыш оқыту педагогикасы және методикасы» мамандығы бойынша бітірген. Бұл туралы аудандық әкімдік мәлім етті.
Еңбек өтілі:
1992-2004 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,Тасшағыл орта мектебінде мұғалім;
2004-2008 жылдары Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл орта мектебінде мектеп директорының орынбасары;
2008-2010 жылдары Тасшағыл орта мектебінің бастауыш мұғалімі;
2010-2013 жылдары Тасшағыл орта мектебі директорының орынбасары;
2013-2020 жылдары Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл орта мектебінің директоры;
2020 жылдың 21 мамырында үш ай Тасшағыл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы.
2020 жылдың 4 тамызынан бастап Тасшағыл ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келеді.
Отбасылы.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ