Атыраулық Азамат Айманакумов жаңа лауазымға тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азамат Айманакумов пен Михаил Бортникті Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындады, деп хабарлады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы Президент жарлығы шығып, Ақордаға жарияланды. Айта кетейік, Азамат Айманакумов бұған дейін Атырау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы қызметін атқарған. Михаил Бортник 2022 жылдан бері Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі болған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ