Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде АЭС стансасын салу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытында конференциялық жиын өтті.
Конференцияда студенттер АЭС - еліміздің дамыған үздік елдердің қатарына қосылуына көпір деген пікір айтты. Сондай-ақ, оның пайдалы және зиянды жақтары да талқыланды. Бұдан бөлек, заманауи атом энергетикасының қауіпсіздігі жөнінде сөз қозғалды. Сол секілді, шетелдік АЭС жұмыстары туралы көптеген ақпараттар берілді.
Қалай болғанда да, ендігіде "АЭС құрылысы қажет пе?" деген сауал емес, жұртшылықты "АЭС салуға дайынбыз ба?" деген сауал мазалауы қажет. Себебі, неғұрлым жылдамырақ атом энергетикасына көшсек, соғұрлым энергия тапшылығының алдын алуға мол мүмкіндіктер ашылмақ. Сондықтан алдағы уақытта осы салада маман даярлау мәселесін қолға алу қажет. АЭС құрылысы мен маман даярлау ісі екеуі қатар жүріп отырса, ұтарымыз көп болары анық. Жиналғандар жиын соңында осындай қорытындыға келді.