Сербия елінде самбодан өткен әлем чемпионатының жүлдегерлерін Атырау халқы қарсы алды, деп хабарлайды ATPress.kz
30 мемлекеттен 400-ден астам спортшы қатысқан бұл додада Абылайхан Мейрамбекұлы жастар арасында әлем чемпионы атанып, алтын еншіледі. Жерлесіміз 52 келі салмақ дәрежесінде күресіп, финалда молдовалық палуанды ұтты.
Еркебұлан Қуанғалиев те 52 келі келі салмақ дәрежесінде жауынгерлік самбодан ересектер арасында бақ сынап, күміс жүлде иеленді. Ол жартылай финалда испаниялық қарсыласынан басым түсіп, ақтық сында ресейлік спортшыға есе жіберіп алды.
Хұсни ХАМЗА
Видео Манарбек Майшағыровтікі