Атырау қалың қар құрсауынан шыға алмай жатыр... (+ФОТО)

Қар тазалау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Қалың қарды қаладан шығаруға  19 техника жұмылдырылып, 220 жұмысшы тартылды. Бүгін қаладан 920 шаршы метр қар шығарылып, 38 тонна арнайы реагент себілді. Жеті трактор жолдарды қардан тазалап жатыр. Ал, екі "КамАЗ" көлігі ауылдық округтерге арнайы реагент себуге шығарылды" делінген Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.