Жылыой ауданындағы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығына алпыс шақты ардагер тіркелген, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Аудандық әкімдіктен білгеніміздей, былтыр ауданда өз жұмысын бастаған «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығына бүгінде 60 шақты ардагер келіп жүр. Орталықта мамандардың бақылауымен ЛФК кабинеті, қолөнер, тоғызқұмалақ, теннис, бильярд және т.б. үйірмелер қызмет етеді. Орталық жасы ұлғаюына байланысты өз бетінше қызмет көрсетуге арналған және зейнеткерлік жастағы адамдардың физикалық және психикалық денсаулығының ұзақтығын арттыру үшін белсенді, мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге әлеуметтендіруді жүзеге асыру үшін ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие мекеме. Орталыққа кез-келген зейнет жасындағы аудан тұрғындары тіркеле алады.
Айта кетейік, орталық Ескі музей ғимаратында орналасқан (Т.Құлтумиев көшесі, 29). Байланыс нөмері: +7 (71237) 4-82-46
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ