Жақында Бақытгүл Хаменованың сот отырысы өтеді

Жақында бірнеше рет кейінге қалдырылған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың сот отырысы өтеді, деп хабарлайды ORDA.KZ.

Айта кетсек, Хаменованың соты маусым айында басталуы керек еді. Бірақ іске төрағалық етуші сот басқа іспен кеңесу бөлмесіне кетіп, сот отырысы кейінге қалдырылған. Кейін сот президент Жарлығымен басқа сотқа ауысып кетіп, сот тағы да болмай қалған.

«Белгілі себептермен Б. Хаменованың сот отырысы кейінге қалдырылған болатын. Басты сот отырысы 3 тамызда өтеді» деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

 

Еске салсақ, Бақытгүл Хаменова Абай Құнанбайұлының ескерткішін орнатқан кәсіпкерден 4 млн 500 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Іс бойынша тергеу мамыр айында аяқталып, ол Атырау облыстық прокуратурасына жіберілген. Прокурорлар қылмыстық істі зерделеп, істі Атырау қалалық №2 сотына жолдады. Осы күнге дейін іс бойынша сот отырысы өтпеді.