Атыраулық кинолог қызықты сәттермен бөлісті (+ВИДЕО)

Елене бермейтін ерекше мамандықты меңгергендердің бірі - Руслан Нуров, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ол кинология саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ол зейнет жасына жетсе де, саладан алшақтай қойған жоқ. Күнделікті жұмыстағы серігінің аты – Абрек. Тұқымы бельгиялық овчарка жұмысқа икемді және өте ақылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Кинология қызметінің негізгі бағыты іздестіру және қылмыстарды жедел ашу болса, ал біз табиғи және техногендік жағдайда иттің көмегіне жүгінеміз. Олар төтенше жағдай кезінде ғимараттың астында қалып қойған адамды іздейді. Табиғи жағдайда жоғалып кеткендерді іздестіру-құтқару жұмыстарына пайдаланамыз. Абрек мұнда 4 айында әкелініп, жаттықтырылды, - деді ТЖД Жедел құтқару жасағының кинология бөлімінің басшысы Руслан Нуров.

Жасақтың штаттық кестесіне сәйкес, бөлімше 4 кинолог-құтқарушыдан тұрады, 5 иттің 3-уі қызметте қалған, екеуі күзде сертификаттау сынағын тапсырады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ