Ұрланған шетелдік көліктер Атыраудан шығып жатыр...

Шетел азаматы ұрланған көлігін дер кезінде тауып берген атыраулық полицейлерге алғыс білдірді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

19 ақпан күні Жедел басқару орталығының 102 операторына 1994 жылы туған Әзірбайжан Республикасының азаматы өзіне тиесілі BMW автокөлігін белгісіз азамат белгісіз бағытқа заңсыз иемденіп кеткенін туралы хабарлаған. Аталған автокөлік Атырау қаласының полиция басқармасы №1 қалалық полиция бөлімінің қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде анықталды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ