Ноғаевтың «крышасы бар» браконьерге қатысты айтқан сөзінің видеосы пайда болды

ATPress.kz. 13 мамыр. Бейнежазбада Аққыстау аулының тұрғыны Сағынғали қария Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа «крышасы» бар браконьерлердің көп екенін айтып, араша сұрайды. Браконьерлер туралы ақиқат кеше Исатай ауданында өткен «Нұр Отан» партиясы ау

- ...Браконьерге мен де қарсымын. Қазір үш браконьердің екеуінің крышасы бар. Ұстайды, «крышасы» барды қоя береді. Мұндай әділетсіздікті көріп тұрғанда халық наразылығы ушығады ғой, - дейді ол облыс әкіміне.

Айта кетелік, сәуір айының басында балық уылдырық шашатын мезгілде су көлігін жүргізу ережесіне наразы болған бір топ атыраулық билік өкілдерімен қыр көрсеткен еді. Себебі, балық қорғаумен айналысатын инспекция су жануарының көбеюіне кедергі болмау үшін моторының қуаты 20 аттың күшінен асатын қайықтарды теңізге шығармай қойған. Наразылық танытқан 37 адамның тұрақты жұмысқа орналасқаны жөнінде бұған дейін де хабарлаған едік.  

- Мен ресми түрде айтамын. Біз бұл жолдан қайтпаймыз. ...Ешкім балық ауламасын демейді. Аулайық, бірақ жабайылықпен ауламайық. Шамалы мүмкіндік берейік. Балық өссін, біз ретімен ғана шетінен алып отырайық, - деді облыс әкімі браконьерлермен күрестің күшейетінін білдіріп. 

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазір облыста Жайық, Қиғаш өзендерін тереңдету жұмысы жүріп жатыр. Аудан тұрғындарын жұмыспен қамту бағытындағы шаралар да күшейе түспек. 

 

Мереке Асанова

Видеоматериал "Қазақстан-Атырау" сайтынан алынған