Махамбетте 60 келіге жуық бекірені саудаламақ болған

Махамбеттік полицейлер 60 келіге жуық бекіре балығын саудаламақ болған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Махамбет ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде аудан көлемінде Lada Kalina автокөлігімен бекіре тұқымдас балықтарын саудаламақ болған күдіктіні анықтап, ұстады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

1993 жылы туған күдіктінің көлігінен 15 дана 56,6 келіні құрайтын бекіре балықтары тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ