Атыраулық жасөспірімдер бір-бірін пышақпен жарақаттаған... (+ВИДЕО)

Атырауда желтоқсан айында жасөспірімдердің бір-біріне пышақ жарақатын салған екі дерек тіркелді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Атап айтқанда, 21 желтоқсан күні 15 жастағы кәмелеттік жасқа толмаған бала 17 жастағы жасөспірімге  пышақ жарақатын салған. Ал, 23 желтоқсан күні 16 жастағы жасөспірімдер арасында кикілжің орын алып, пышақпен дене жарақытн салу дерегі тіркелген. 

"Қазір екі жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр" дейді полицейлер.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ