Халық арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу, әкімшілік учаскені аралау, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуын болдырмау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Атырауда 16 қыркүйек – 1 қараша аралығында «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Іс-шара барысында әкімшілік аумақта орналасқан тұрғын үйлер мен аулаларды аралап, тұрғындармен тығыз байланыс орнату бағытында 151230 тұрғын үй аумағы тексерілді. Сондай-ақ, мекен-жайларды аралау жұмыстарын жүргізу кезінде 103 заңсыз жалдамалы пәтер анықталды. Кәмелетке толмағандармен оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қоғамдағы тәртіпті бұзуға жол берген 249 жасөспірім анықталды. Белгіленген тұрғылықты жері жоқ 24 адам анықталып, қабылдау бөліміне орналастырылды. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті тұзған 2763 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы 1 қарашаға дейін жалғасады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ