TikTok Наурызға байланысты онлайн-фестиваль өткізеді

TikTok Наурыз мейрамына орай Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен онлайн-фестиваль өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


TikTok мерекелік онлайн-фестиваль алаңына айналды. Яғни #наурыз2023 арнайы хэштегі бойынша қазақстандықтар мерекені еліміздің түкпір-түкпірінде қалай атап өтетінін көрсете алады. Одан бөлек, мерекелік тағамдардың мәзірін бөлісе алады немесе қызық дәстүрлер туралы айта алады.

Онлайн өтетін шара Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді. Бұл бастаманы TikTok-тағы танымал контент авторлары да қолдаған.
Қазақстанның бай мәдениеті TikTok авторлары үшін нағыз шабыт көзі, олар әртүрлі елден келген платформаның миллиондаған қолданушысымен резонанс тудыратын шынайы және тартымды бейнероликтер жасайды.

Мысалы, #историяказахстана хэштегі бойынша бейнероликтер 100 миллионға жуық қаралды, ал #қазақстанмәдениеті тегі бойынша - 75 миллионнан астам қаралған.

TikTok-та көктем мерекесі Наурыз Қазақстанның түкпір-түкпірінен платформа қауымдастығын біріктіреді және ұлттық дәстүрлердің сұлулығын одан да аша түседі.

Онлайн-фестиваль #наурыз2023 арнайы хэштегімен өтеді. TikTok платформа қолданушыларын ұлттық мереке, оның ерекшеліктері мен әдет-ғұрыптары туралы бейнероликтер түсіруге шақырады.

Үздік видеоролик түсірген авторлар "Rocket Go" туристік компаниясынан бағалы сыйлықтар алады. Байқау жеңімпазы 2-ші және 3-ші жүлделі орындардың иегерлері 5 күн, 3 күн және 1 күн бойы Қазақстанның ең әдемі жерлеріне саяхат жасайды.

Қолданушылар тақырып ретінде төрт бағыттың бірін таңдай алады:

• Тағам: авторларға мерекелік сүйікті тағамының мәзірін бөлісу ұсынылады.
• Саяхат: елдің түкпір-түкпірінде Наурыз қалай тойланатынын әңгімелеп беріңіз немесе көрсетіңіз.
• Мәдениет: мерекенің қызық әдет-ғұрыптарын немесе дәстүрлерін әңгімелеп, көрсетіп беріңіз, Наурызға байланысты мифтер мен аңыздар туралы айтыңыз.
• Ән: өзіңіз орындаған ұлттық биді немесе сүйікті қазақ музыкасын орындауыңызды бөлісіңіз.

Наурызға арналған онлайн-фестивальдің қорытындысы, үздік бейнероликтер мен байқау жеңімпаздары 29 наурызда жарияланады.