Атырауда ерекше жануар пайда болды (+ВИДЕО)

Атырау қаласының орталығында құндыз пайда болды. Сарапшы оның қайдан келгенін түсіндірді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бас маманы Мереке Шалқаровтың айтуынша, Жайық өзенінде құндыздың пайда болуы табиғи құбылыс болып табылады. Оның айтуынша, бұл жануар көбінесе Махамбет және Индер аудандарында мекендейді. 

Сарапшы құндыздар адамдарға қауіп төндірмейтінін айтады, бірақ оларға жақындамаған және мазаламаған жөн екенін ескертті. Олар  көбінесе түнгі өмір салтын ұстанып, балықпен қоректеніп, жағалаудағы аймақтарға бөгеттер мен індер салады. Олардың қалада пайда болуы азық іздеумен немесе өзендегі су деңгейінің өзгеруімен байланысты болуы мүмкін.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ