Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
18 наурыз күні сағат 16:00-18:00 аралығында Ұлттық киім шеруінің өтуіне байланысты келесі көше учаскелері уақытша жабылады: Ә.Молдағұлова көшесі (Жангелдин және Сәтпаев көшелерінің аралығы); Б.Құлманов көшесі (Исатай Тайманұлы және Пушкин көшелерінің аралығы); Қ.Сәтпаев көшесі (Ә.Молдағұлова қиылысынан И.Тайманұлы көшесіне дейін).
"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және алдын ала жол бағытын жоспарлауды ұсынамыз" делінген хабарламада.
Амандық АБДОЛ