Таза Қазақстан: «eGov Mobile» мобильді қосымшасына жаңа сервис қосылды

Енді әр  қазақстандық смартфонның көмегімен өз өңіріндегі проблемалық жерлер, жолдардың, саябақтардың, кіреберістердің, жарықтандырудың, абаттандырудың және қоғамдық және жеке аумақтардың санитарлық жағдайына қатысты көптеген мәселелер туралы ақпараттарды жариялай алады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Таза Қазақстан» сервисінің көмегімен eGov Mobile қосымшасын пайдаланушылар проблемаларды фотосуретке түсіріп, әрі қарай шешу үшін жауапты құрылымдарға ақпарат бере алады. Өтінім берілгеннен кейін барлық ақпарат  жергілікті атқарушы органға түседі, олар оны жіктеп орындаушыны тағайындайды. Өтінім санатына байланысты тапсырманы орындау  уақыты автоматты түрде белгіленеді. Орындаушы жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша фотосуретпен және түсініктемемен кері байланыс береді. 

Сервис іске қосылған сәттен бастап қазақстандықтар сайт және телеграм-бот арқылы 1500-ден астам өтінім берді.

Фото pixabay