Бұл туралы 24.kz сайты хабарлады.
Маңғыстау облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменттері Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде ұстады.
«Ғ.Ниязовқа қатысты сот қаулысымен тергеу органы сайлаған және облыс прокуратурасы қолдаған екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», – делінген ҚМА таратқан мәліметте. Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.