Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

"Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.

   Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылған еді.  Бұған дейін Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын.