Қозғалыс Атырау және Астрахан облыстарының шекарасында шектеледі

13 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитетінде "Құрманғазы" (Атырау облысы) бақылау-өткізу пунктінде көлік қозғалысының шектелуі туралы ескертті

Шекара қызметінің мәліметтері бойынша 15 мен 28 тамызы аралығында Қазақстан – Ресей шекарасындағы «Құрманғазы» өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін хабарлайды.

."Аталған кезеңде шектес аумақта жол төсемін жөндеу жоспарланған. Басқа пункттер штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілмеген", - делінген хабарламада.

Саяхатшылардан осы жағдайларды ескеріп, қозғалыс бағытын алдын-ала реттеу сұралады.

Фото: рixabay