Экология вице-министрі мен "Оператор РОП" басшысы ұсталды - Антикор

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі А. Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы М. Құмарғалиев ұсталды.

Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады, - деп хабарлайды. 

  "ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталғанын растайды", - делінген хабарламада.

 Антикор мәліметінше, олар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікке ілінген. Екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған.