"Біз саудаласқан жоқпыз": Тоқаев Назарбаевпен әңгімесі туралы айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен билік үшін саудаласпағанын айтты.

«Жоқ, әрине, саудаласпадық. Жеке артықшылықтар туралы да әңгіме болған жоқ. Қауіпсіздік кеңесі төрағасының мәртебесі туралы мәселені шұғыл шешу қажет екені туралы айтылды және жағдай шиеленіскен кезде, жасырмаймын, мен қазір халыққа осы сәттен бастап Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы екенімді мәлімдеуім керек деген мәселені қойдым. 

Бұл мәселе тез шешілді. 28 қаңтарда Nur Otan партиясының съезі өтті, мен онда сөз сөйлеп, Нұрсұлтан Әбішұлының тарихи роліне баға бердім. Менің ойымша, бұл бағалау объективті, және дәл осы сипаттама болашақта адамдар үшін бағдар болады деп үміттенемін» деді Мемлекет басшысы "Хабар" телеарнасының журналистіне берген сұхбатында.