Билік өкілдерінің жалақысы 5 жылсыз өспейді

Бұл туралы Ел Президенті Мәжіліс отырысында мәлімдеді деп хабарлайды ATPress.kz.

"Үкімет пен депутаттар, әкімдердің еңбекақылары, шығыс туралы баптар мәселесі өткен жылдың соңында талқыланды. Менің ойымша, олардың жалақысы жеткілікті. Сондықтан олардың жалақысын көтеруге 5 жыл мораторий жариялауға болады деп санаймын. Мен бұл депутаттар үшін жақсы жаңалық емес екенін түсінемін, бірақ сіздер мұны түсінеді деп ойлаймын. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттегілерге жалақыны мүмкіндігінше көтеруді жалғастырамыз", - деді Президент. 

 

Айта кетейік, Мәжіліс отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловтың  кандидатурасын ұсынып, Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысының бұл ұсынысын бірауыздан қолдады.