25 «наурыз», 2023 13

"Балаға зиян тигізу дұрыс емес". Бас мүфти оқушылардың ораза ұстауына қатысты пікірін айтты


"Еліміз ең бірінші кезекте білімге көп көңіл бөлу керек", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында балалардың ораза ұстауына қатысты даулы мәселеге пікір айтты.

"Шариғат бойынша балиғат жасына толған, дені сау адам ораза ұстауға міндетті. Ал балаларға келсек, егер балиғат жасқа толмаса, міндетті емес. Ораза ұстау, намаз оқу – біреуге көрсету үшін жасалатын құлшылық емес. Мен өзім он жасымнан бастап ауыз бекіткенмін. Ол кезде тіпті ата-анамыз ұстамайтын. Алғашында үш күннен бастап, кейін толықтырып ұстап үйрендік. Яғни, балиғат жасына толмастан ұстадық. Егер бір бала балиғатқа толмай ұстаймын десе, денсаулығына зиян келмесе, басқа да қиыншылықтар тудырмаса, оны жазалау да дұрыс емес. Бізге "мектепте ұйықтап жатты" деп хабарласқан адамдар болды. Әрине, бала әлсіресе, сабағы дұрыс болмаса, өзі балиғат жасына толмаса, әрине, олай (ораза ұстатып – авт.) баланың денсаулығына зиян тигізу дұрыс емес. Ал балиғат жасына толған адамға ораза ұстау қиындық тудырмайды", – деді Наурызбай Тағанұлы.

 

Фото AtyrauPress

Тегтер: # Ораза # Бас мүфти