Атырау-Астрахань, Алматы-Қарағанды тасжолы келер жылы пайдалануға беріледі

Алдағы жылы бірнеше республикалық тасжол пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана-Алматы» арасындағы тасжолға келсек, учаске тек Қарағандыдан Алматыға дейін. Иә, жол ұзаққа созылып кетті, кешірім сұраймын. Мәселе мердігерлік ұйымдарға қатысты болып отыр. Біз жолды салу үшін халықаралық қаржы институтының қаражатын пайдаландық», - деді Көлік министрі Марат Қарабаев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, Қарағанды-Алматы тасжолының кейбір учаскелері жыл соңында пайдалануға беріледі.

«Биыл бірнеше учаскені қоспағанда Қарағандыдан Алматыға дейінгі жол қозғалысын қамтамасыз етеміз. Тасжолдың ұзындығы 946 шақырым болса, оның 795 шақырымы дайын. Бұл айналма жол учаскелерін қоспағанда. Жалпы Атырау-Астрахань, Алматы-Қарағанды тасжолы толықтай келер жылы іске қосылады», - дейді ведомство басшысы.

Бұған дейін елімізде ақылы жолдар бағасы 20 пайызға артатыны туралы және екінші санаттағы тасжолдардың жүк көліктері үшін ақылы болатынын хабарлаған едік.