Жылойда шетелдіктерді тапаншамен қорқытып тонаған

Жылыойлық полицейлер шетелдіктерді тапаншамен қорқытып тонаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
21-ақпан күні Жылыой ауданы Полиция бөліміне Доссор - Құлсары тас жолының 8 шақырым тұсында орналасқан шайхана ішінде белгісіз адамдар тобы тапаншаға ұқсас затпен Өзбекстан Республикасының азаматтарын қорқытқан. Тіпті олар 4 ұялы телефон мен 1000 рубль қаражатын ашық түрде жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жедел-іздестіру нәтижесінде күдіктілер 2003 ж.т, 2005 ж.т, 2003 ж.т аудан тұрғындары екені анықталып, қамауға алынды. Аталған дерек негізінде Жылыой ауданының Полиция бөлімімен Қылмыстық кодекісінің 191-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ