Жоғалған азамат аман-есен табылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
16 ақпан сағат 9:0-де Индер ауданы Өрлік селосынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан «Аманғали» қыстағынан 15 ақпан күні сағат 9:00-де 1970 жылы туған азамат түйемен мал бағуға шығып, кері оралмағаны туралы хабарлама түскен болатын.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде, сол күні 14 сағат 30 минутта Индер ауданы Өрлік селосынан 30 км қашықтықта орналасқан «Аманғали» қыстағынан 5 шақырым қашықтықтан жоғалған азамат табылды. Бұл туралы облыстық ТЖД Қоғаммен байланыс тобы хабарлады. Табылған азаматтың жағдайы бірқалыпты, медициналық көмекті қажет етпеді. Іздестіру-құтқару жұмыстарына департаменттен 4 қызметкер мен 1техника, АПБ, жоғалған азаматтың туыстары мен жергілікті тұрғындар да қатысты.
Мамандар қолайсыз ауа райында алыс жолға шықпауға және 112 қызметі жіберетін СМС хабарламаларды ескеруге шақырады.