Атырауда эвакуациялық жинау пункттері жаңартылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Азаматтық қорғаныс іс-шаралары жүйесіндегі халықты, мәдени және материалдық құндылықтарды қорғаудың пәрменді тәсілдерінің бірі - оларды әскери іс-қимылдар, табиғи, техногендік зілзалалар, авариялар нәтижесінде туындауы немесе орын алуы мүмкін қауіпті аймақтардан эвакуациялау шеңберінде елді мекендер шегінен тыс қауіпсіз аудандарға әкету, шығару. Атырау облысының халқын, объектілері мен аумағын қорғау, әскери қақтығыстар туындаған кезде залал мен шығынды азайту мақсатында Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаныстың тиісті іс-шараларын жүргізеді. Адамдар санының көптігіне байланысты бұл процесті ретке келтіру үшін әрбір 5 мың тұрғынға эвакуацияланушыларды жинауға, тіркеуге және оларды қону пункттеріне және бастапқы қозғалыс пункттеріне жөнелтуге арналған эвакуациялық жинау пункттері (ЭЖП) ұйымдастырылады.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті біздің қаламыздың тұрғындары мен қонақтарын ақпараттандыру үшін 2ГИС - қосымшасында Атырау облысының эвакуациялық құрама пункттерінің тізімі жаңартылды, оларды сіз мына сілтеме бойынша көре аласыз: https://2gis.kz/atyrau/branches/70000001048362975.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ