Марқұмды формалинмен өңдеген атыраулық мәйітхана қызметкерлері 100 мың теңге алып келгені анықталып отыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Ал, дұрысында 13 мың теңге алуы керек екен. Енді бұл іс бойынша тергеу амалдары басталған. Атап айтқанда, облыстық патологиялық-анатомиялық бюро қызметкерлері тергеліп жатыр. Төлемдер облыстық патологиялық-анатомиялық бюросына емес, қоймашының қызына аударылып отырған.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ