Бүгін Атырау өлкесінің әдебиетінде ақжолтай жаңалық орын алды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Меценат, жазушы, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Жалғасқали Дүтмағанбетов пен ақын, аудармашы, Махамбет сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының батыс аймақтары бойынша хатшысы, ҚЖО Атыраудағы өкілі Әлия Дәулетбаева Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері атанды. Бұл туралы atr.kz мәлім етті. Аталған сыйлық Әлия Бекежанқызына «Алматыдан алыста» жыр жинағы үшін, ал Жалғасқали Дүтмағанбетовке «Мәңгілік Махамбет» публицистикалық топтамасы үшін берілді.
Айта кету керек, Қазақстан Жазушылар Одағы тағайындаған Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы ең үздік туындылар авторлары мен қазақ әдебиетін насихаттауға атсалысқан шетелдік қаламгерлерге беріледі.