Атырауда әуесқой суретшілердің фестивалі өтуде

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған «Қылқалам шертеді» фестивалі екі күнге жалғасады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Фестивалдің мақсаты – әуесқой суретшілердің жетістіктері мен бастамаларына қолдау көрсету, шығармашылығын дамыту. Іс-шараға қала мен аудандардан 16 жастан асқан 13 суретші қатысып жатыр. 

- Іс-шара аясында қылқалам шеберлері ережеге сай үй жұмысын әкелді (натюрморт, пейзаж, портрет). Сондай-ақ, екі күнде қаланың көрнекті жерлерін қағаз бетіне түсіреді. Ертең фестивалдің қорытындысы белгілі болады. Үздік суреттер 12 қазан күні Infinity Mall сауда орталығында ұйымдастырылатын көрмеге қойылады , - деді облыстық халық шығармашылығы орталығының әдіскері Райгүл Қабдолова.