«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының мақсаты адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Аталмыш конкурс үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, Астана), ал үшінші кезеңі республикалық. Аталған конкурска қатысу үшін өтінім мен құжаттар 2024 жылдың 15 мамырынан бастап 15 маусымға дейінгі аралықта электронды немесе қағаз форматта қалалық ішкі саясат бөлімінде қабылданады. Толық ақпарат: +7 7122 27-10-28 және ishkisaiasat@atyrau.gov.kz
15 маусым мен 1 шілде аралығында қалалық комиссия түскен өтінімдерді жан-жақты тексеру арқылы екі отбасын анықтап, облыстық - екінші кезеңге жолдайды. Шілде айының 3-і мен 17-сі аралығында өтінімдер іріктеліп, үшінші кезең – республикалық комитетке ұсынылады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4) Ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі- бар болса;
5) Балаларды тәрбиеленгені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;
7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);
8)отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.
1) Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;
2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.