Байқау облыстық ардагерлер кеңесі мен мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Ардагерлер асыл қазына» жобасы аясында өтіп отыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау қаласынан және жеті ауданнан қатысқан 17 ардагер халық композиторлары мен жергілікті композиторлардың әндерін орындады.
Қазылар алқасының құрамында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония әншісі, қазылар алқасының төрағасы - Қуандық Нұғымаров, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары - Серік Мұхамбетов, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің әншісі - Аманжан Басығариев, облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы - Мәлік Әбілхайыров және облыстық халық шығармашылығы орталығы, шығармашылық бөлімінің әдіскері, фестиваль хатшысы Райгүл Кабдолова болды.
Фестиваль нәтижесінде, жергілікті сазгерлердің әндері бойынша ІІІ орынды Айман Бердешова (Құрмағазы ауданы) және Бибигул Баянкулова (Қызылқоға ауданы), ІІ орынды Жұмабике Құспанғалиева (Атырау қаласы), І орынды Күлаш Бекимова (Мақат ауданы) иеленді. Бас жүлдені Жаңабай Жайлашев (Махамбет ауданы) жеңіп алды.
Қазақстан халық композиторларының әндері бойынша ІІІ орынға Тұрлан Бисенбаев (Атырау қаласы) және Жоламан Жұмабаев (Исатай ауданы), ІІ орынға Гүлжиян Сабенова (Махамбет ауданы), І орынға Мұхит Өтегенов (Жылыой ауданы) және де бас жүлдеге Бақыт Габдулина (Индер ауданы) лайық деп танылды. Сондай-ақ, басқа қатысушыларға да дипломдар табыс етілді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ