Салғырттық сан соқтырды

ATPress.kz. 15 қараша. Атырау облысы Исатай ауданы тұрғынының малын бағып, көп жылдар үйін паналап келген азамат жеке басын куәландыратын құжатын рәсімдей алмай әлек. Шопан Дигран Демирчан Кеңестік дәуірден қалған қызыл құжаты болғанын айтады. Алайда, оны

Қазір Дигран Димерчан Атыраудағы белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығын уақытша паналауда. Соттылығы бар азаматты орталыққа аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері алып келді. Ресей тумасы Сочи қаласындағы абақтыда біраз жыл жазасын өтейді. «Тар қапастан шыққан соң, қолда бар жинағымды көңілді отырыстарға шашып, ақыры Астрахань қаласына келдім. Жағдайым күрт нашарлаған кезде Атырау азаматы жолығып, осы өңірдегі танысына малшылық қызметке шақырды. Содан 25 жыл бойы исатайлық шаруагердің төрт түлігін баптауға көмектесіп келемін. Олар мені өз отбасының мүшесіндей көрген», - дейді шопан.     

Қарияның сөзінше, жеке бас куәлігінің жоқтығына байланысты қамауға оқталған полицейлер бірнеше мәрте кешірім беріпті. Ішкі істер қызметкерлері үсті-үстіне ескерту жасап, мезі болғасын, үй иесі Дигранды қаладағы арнайы органдардан көмек сұрауға жіберді. Ал, белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығының директоры Өміржан Жұманиязовтың айтуынша, арызданушыға көмектесу әсте оңай емес. Дигран Кеңестік дәуірден қалған қызыл паспортын ұсына алмайтындықтан, әзірге мүмкіндік жоқ. 

Бүгінде орталықта тағдырдан теперіш көрген 27 адам мекендеуде. Оның тоғызы – нәзік жандылар.

 

Нұрбейбіт Нұғыманов

Сурет автордікі