Қарағанды сусыз қалды

Қарағанды ​​бас сорғы стансасындағы апат салдарынан сусыз қалды.Бұл туралы Orda.kz тілшіcі хабарлайды. 

Таңертең ертемен «Вторая зона» стансасында төтенше жағдайда электр қуаты өшіп, қаланың басым бөлігі сусыз қалды.

«Қарағанды ​​су» серіктестігі 05:17-де электр жарығы өшіп, сорғылар жұмыс істемей қалғанын түсіндірді. «Қарағандылық Жарық» командасы жарықтың болмауының себебін анықтап жатыр, бас энергетик жұмысшылардың гидравликалық режимді қалпына келтіруге тырысып жатқанын айтты.