Бүгін аудан әкімі Жұмабек Қаражанов ауданның бірқатар кәсіпкерлерімен бизнес-таңғы аста кездесті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Еркін сұхбат түрінде өткен кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім, мекеме басшылары және аудан кәсіпкерлері қатысты.
Жиында бизнес өкілдері өз кәсіптерін таныстырып, бірқатар ұсыныс-пікірлерін білдірді. Сондай-ақ кәсіпкерлер өзара танысып, бір-бірінің кәсібін қолдау қажеттігін де айтты.
Аудан басшысы кәсіп иелерінің жұмыстарына тоқталып, алдағы жылы жұмыс ауқымын ұлғайтып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін бірлесе жұмыс жасау қажеттігін жеткізді.
Айта кету керек, Жылыой ауданында шағын және орта кәсіпкерлерлік қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда ауданда 7261 шағын және орта кәсіпкерлік тіркелген болса, соның 7208-і тұрақты жұмыс жасап тұр. Оның ішінде 677 заңды тұлға, 5584 жеке кәсіпкер, 3093 шаруа қожалығы халыққа қызмет етіп келеді.