Құрманғазы ауданының Жұмекен ауылына 6258, Дәулеткерей ауылына 4435 метр ауылішілік автомобиль жолдарын жаяу жүргіншілер жолымен қоса қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шынболат Мусин мәлім етті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-Жобалау-сметалық құжаттамасы мен мемлекеттік сараптама қорытындысы былтыр шықты. Соған сәйкес биыл жол төсеу жұмыстары басталды. Мердігер мекеме «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС. Жоспарға сай бұл жұмыстарды 2025 жылдың соңында аяқтаймыз. Бұл жолдар қолданысқа берілгенде, тұрғындар сапалы жолмен толық қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, көліктердің ауыл ішінде тиімді қатынауына, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтауына мүмкіндік береді,- деді Ш.Мусин.
Қазіргі уақытта жол қабатын қыру және жер бедерін түзету жұмыстары жүруде. Мұнда 11 адам мен 7 техника жұмылдырылуда.