Пандемиядан кейінгі кезеңде ауысыммен жұмыс жасайтындардың қатары қалпына келуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Мәселен, былтыр осындай әдіспен 125,9 мың отандасымыз еңбек етіпті. Іnformburo.kz сайтының мәліметінше, бұл алдыңғы жылдан 31,1 мың адамға көп. Мұндай статистиканы Ranking.kz сайты келтіріп отыр.
Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, «вахтовиктердің» 56,4%-ы ауылдықтар екен. 51,2%-ы өз өңірлерінен ұзамаған. Сондай-ақ, 87,6%-ын ер азаматтар құрап отыр.
Ал, жалақыға келсек, өткен жылдың соңғы ширегінде қазақстандықтардың орташа жалақысы 338,7 тысячи тенгені құраса, ауысымдық жұмыста бұл көрсеткіш едәуір жоғарылаған. Атап айтсақ, мұнай-газ саласында – 1,2 млн теңге, металл өндірісінде 558,3 мың теңге, құрылыста – 466,5 мың теңге.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: "Атырау газеті"