Өңірде көптеген ірі жоба қолға алынып, жаңа өндіріс орындары ашылуда. Сол себепті электр энергиясына деген сұраныс артып жатыр.
Ал, көгілдір отын қоршаған ортаны ластайды. Сол себепті баламалы қуат көзін өндіру керек. Органикалық отынның залалы атмосфераға зиянды газ шығарады. Ал АЭС-тің артықшылығы – атом электр стансасында ешқандай газ шығару, болмаса, зиянды заттар шығару болмайды. Олардың қауіпсіздігі қазір өте жоғары деңгейде.
Елімізде АЭС құрылысын жүргізуге төрт шетелдік компания ниет білдіріп отыр. Олар - Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея мен Франция компаниялары. Іріктеліп алынған жобалар әлі қарастырылады. Қытай компаниясы АЭС-тің 1 гигаватт қуат өндіретін энергоблогын салу үшін шамамен 3 млрд доллар сұрайды. Төрт компанияның да ұсынып отырғаны әлемдегі ең теңдессіз, қауіпсіз жағынан. Төртеуінің де әлеуеті шамамен бірдей. Өйткені, олардың осындай салған АЭС-ның біреуінде де авария болған емес. Ал нақты шешім референдум нәтижесінен соң белгілі болады. Бірақ басты мәселе – бұл біртипті атом электр станциясы. Қазақстанға қазір ең қажеттісі – қауіпсіздік.
Атом электр станциясы құрылысы шамамен 5 жылда аяқталуы мүмкін. Оған 8 мың адам тартылады. Ал АЭС іске қосылғанда 2 мың жаңа жұмыс орны ашылады. АЭС құрылысы – кезек күттірмейтін іс. Себебі мұнай-газ өнеркәсібінің 65%-ы шоғырланған Атырау өңірінде электр қуатына деген сұраныс жыл санап өсіп келеді. Сәйкесінше жаңа баламалы электр энергиясын талап етеді. Елімізде жылма-жыл өндіріс дамып жатқандықтан, транспорт 3, 4, 5%-ға дейін өсіп отыр. Ол өсімді қамтамасыз ету үшін жаңағыдай базалық деңгейдегі электр энергия көзі керек.
Франция – әлемде атом энергиясын кеңінен қолданатын елдің бірегейі. Елдегі электр энергиясының 70 пайыздан астамы АЭС арқылы өндіріліп алынады. Францияның атом энергетикасы экологиялық тұрғыдан тиімді екенінен бөлек, ол энергияға деген сұранысты толығымен қанағаттандырып отыр.
Ал, Атырау жылу электр орталығы жылына 1,5 млрд. кило/Ватт электр энергиясын өндіруге қауқарлы. Алайда ол жеткіліксіз болғандықтан Құрманғазы ауданына қарасты «Азғыр» өңірі Индер ауданының шет ауылдары ресейлік қуат көздеріне тәуелді. Егер атом электр станция секілді бірегей тұрақты ток көзін өндіретін жоба қолға алынса, еліміздің ғылыми-техникалық, энергетикалық дамуына үлкен серпіліс берері даусыз.
Мұхамбетқали ҚАЛИЕВ,
Атырау энерго кешені ардагерлер кеңесінің төрағасы