Petrocouncil мұнай-газ кеңесі су тасқынымен күресуге 1 млн теңге бағыттады

Атырау облысы мен еліміздің бірқатар өңірлеріндегі күрделі жағдайға байланысты Petrocouncil Мұнай-газ кеңесі су тасқынына қарсы күреске 1 млн теңге бөліп отыр.

Қаражат тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсету, су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде қажетті техника мен құралдарды сатып алу үшін «Атырау» әлеуметтік даму қорына бағытталды.

«Еліміз үшін қиын кезеңде біз ортақ іске өз үлесімізді қосқымыз келеді», - деп атап көрсетеді Petrocouncil командасы.